5 ақпанда Германияның бас прокуроры Ресей қарулы күштерінің Украинадағы қылмыстарын дәлелдейтін жүздеген айғақ жиналғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Бас прокурор Петер Франк Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында: "Бучадағы қырғын мен Украинаның азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылды зерттеп жатырмыз" деді. Оның сөзінше, Украина босқындары көптеген мәлімет берген.
France-Press жазуына қарағанда, Петер Франк офисі белгілі бір ауыр қылмыстарды қай жерде жасалғанына қарамастан тексеруге мүмкіндік беретін әмбебап заң аясының принциптерін қазірдің өзінде пайдаланып отыр. Бұл принцип бұған дейін Сириядағы азамат соғысы кезінде айрықша қатыгездік көрсетілген жағдайларға байланысты қолданылған.
Осы принцип негізінде Мьянмадан шыққан бір топ адам Германия сотына шағымданып, Мьянма әскери қызметкерлерінің адамзатқа қарсы қылмыстары жөнінде талап арыз түсірген.
Петер Франк Германия бас прокуратурасы Украинадағы Ресей әскерінің қылмысы бойынша тексерісті былтыр наурыз айында бастағанын атап өткен.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Мұрат Шаймаран: ОТАН