Журналистің сөзінше, оқиға түнгі сағат 3-те болған. Борейконың көршілері есікті желімдеп, подьезд есігін бояп кеткендер үш адам болғанын көрген. Бірақ олар қашып кеткен. Бұл туралы Маса медиа жазды.
– Желімде жанғыш заттың иісі бар. Есікті бітеп, сосын өртегісі келген сияқты. «102-ге» хабарластым. Журналист екенімді, оқиғаны кәсіби қызметіммен байланыстыратынымды айттым. Хабарламаны қабылдап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізгенін айтты, – деп жазды журналист телеграм арнасына.
Борейконың айтуынша, оқиға орнына Бостандық аудандық полициясынан Нұрлан Нұрқасымов бастаған жедел топ келіп, есіктен саусақ іздерін алған. Ол өзімен болған жағдайды «журналистерді қорқыту акциясының жалғасы» деп есептейді. Борейко Динара Егеубаева, Гүлжан Ерғалиева, Гүлнар Бажкенова, Самал Ибраеваға жасалған қысымдар бір орталықтан ұйымдастырылған деп топшылайды.
Бір күн бұрын Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраева сайттың бұзылғанын және оның алғашқы бетіне өзінің және отбасының құжаттары жарияланып кеткенін мәлімдеген. Журналист оқиғаны «жеке өміріне қол сұғу» деп бағалап, полицияға арыз түсіретінін мәлімдеген. Әлеуметтік желілерде журналистке бағытталған қоқан-лоқы сипатындағы комментарийлердің тарағаны белгілі болды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ведомство тиісті органдармен ақпараттық шабуылды тексеретінін мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді