El Siglo de Torreon басылымының хабарлауынша, Мексика полициясы Өзбекстанның жеті азаматын босатты. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Мәліметке қарағанда, Төменгі Калифорния штатына автобуспен шыққан олар Мексикадағы Гомес-Паласио қаласындағы фермалардың біріне демалуға тоқтаған. Өзбекстан азаматтары сол жерден АҚШ-қа өтуді жоспарлаған. Бірақ олардың бәрін кепілге алып, босату үшін 1200 доллар талап еткен.
Өзбекстандықтарда мұндай ақша болмағандықтан, фермадағылар оларды ақша табылғанша ұстаған. Бұл туралы естіген полиция оқиға орнына жетіп, өзбек азаматтарын кепілден босатты.
Полиция кепілдегі өзбекстандықтар туралы мәліметті қайдан алғаны, өзбек азаматтарының кім екені айтылмады.
Босаған өзбек азаматтарын Ұлттық көші-қон институтына жіберген. 32 жастағы Мария Гваделупе ұсталды. Ол өзбекстандықтарды кепілге алғандармен байланыс орнатқан. Істің басқа да мән-жайы айтылмады.
Өзбекстан билігі әзірге бұл мәліметке қатысты мәлімдеме таратпады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы