Украина үкіметі ресейлік сарбаздардың тірі қалулары үшін бағыну әркеттеріне қабылдайтын арнайы бағдарламаға күніне 100-ге дейін өтінім түсетінін айтты, -деп жазды ББС ақпарат агенттігі.
Ресей билігінің ішнара мобилизация қаулысы қабылданғаннан кейін Украйн жеріне барып соғысып жатқан ресейліктердің жанын сақтап қалуы үшін Украйн тарапы қыркүйек айынан бастап қабылдаған «Өмір сүргім келеді» жобасы басталған болатын.
Осы арқылы олар жедел желіге қоңырау шалу немесе мессенджер қолданбалары арқылы мәліметтерді енгізу арқылы ресейлік әскерлер Украина күштеріне берілудің ең жақсы әдісін ұйымдастыра алады.
Киевтегі ресмилердің айтуынша, оларға соғысқа келген әскерлермен және олардың отбасыларымен 3500-ден астам байланыста болған.
Бұл жобаға сенім артатындар Ресей президенті Владимир Путин жүз мыңдаған ресейлік ерлерді жұмылдырғаннан кейін және Херсон қаласы азат етілгеннен кейін тіптен көбейген.
Ресейлік әскерилер көбінесе телефон арқылы немесе Telegram және WhatsApp сияқты көптеген мессенджер қолданбалары арқылы байланысқа шығады.