Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының хабарлауынша, 2022 жылы Ауғанстанда апиын дайындауға болатын көкнәр алқабы былтырғыға қарағанда 32 пайызға кеңейген,-деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Басқарманың 2 қарашада жариялаған шағын баяндамасында апиын алқабының көлемі 233 мың гектар болғаны айтылған.
Бұл тәліптер 2021 жылғы тамызда Ауғанстанда билікті басып алғалы бері елдегі заңсыз апиын экономикасы туралы алғашқы баяндама.
Баяндамада айтылғандай, 2022 жылғы сәуірде "Талибан" қозғалысы көкнәр және басқа да есірткі жасауға пайдаланылатын өсімдік түрлерін өсіруге тыйым салған. Сол кезде апиын күрт қымбаттаған. Апиын көкнәрін өсіретін ауған шаруаларының табысы үш есе артқан. 2021 жылы шаруалар табысы 425 млн доллар, ал 2022 жылы 1,4 млрд доллар болған.
БҰҰ мәліметінше, апиын алқаптарының 73 пайызы Ауғанстанның оңтүстік-батысындағы аудандарында жатыр. Мәселен, Гильменд провинциясында егістік жерлерінің бестен бір бөлігі көкнәр егуге берілген.
Алайда тәліптер үкіметіндегі ішкі істер министрлігінің өкілі Абдунофе Такур БҰҰ басқармасының апиын алқабы кеңейді деген мәліметін жоққа шығарып отыр. "Есірткі өндіру мен сатуға тыйым салынды. Ауғанстанда көкнәрдің бір түбі де отырғызылмады, онымен айналысуға ешкімге рұқсат берілмеді", - дейді Абдунофе Такур сейсенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосына.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы