Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 27 қазанда Астанада "ЕО - ОА" саммитінде Орталық Азиядағы интеграцияны дамытуға күш салу керектігін айтты. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
«... Әлемдегі және аймақтағы жағдай елеулі өзгеріске ұшырады, сол себепті Орталық Азиядағы интеграция еуропалық әріптестердің қолдауына аса зәрі. Соған байланысты біз әріптес байланыстарды нығайтуды көздейтін "жол картасы" көпсалалы бағдарламасын қарауды ұсынамыз", - деді президент.
Бұған қоса, Өзбекстан президенті Орталық Азия мен Еуропа Одағы елдерінің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарының ақпарат алмасу, қауіппен бірге күресуде әріптестігін арттыруды ұсынды.
Ауғанстан мәселесіне тоқталған Мирзияев бұл елдегі гуманитарлық жағдайға алаңдап, халықаралық қауымдастықтан ауған халқына көмектесуін сұрады.
"Орталық Азия - Еуропа Одағы" форматындағы саммит алғаш рет өтіп отыр. Оған Орталық Азия елдерінің басшылары мен Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель қатысты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел