Қаңтар қырғынынан кейін құрылған "Elge Qaitaru" Қазақстан активтерін қайтару қоғамдық қоры құрылып егемендік алған 30 жылдағы елден сыртқа шығып кеткен, сондай-ақ, заңсыз жекешелендіріп алған, рейдерлік жолдар мен тартып алған қомақты қаржыларды және мемлекетке тапсыру тиісті салықтан жалтарғандар туралы арнайы зерттеу жасап келеді. 

Әрі осы анықталған фактлер бойынша "естуші мемлекетке" ескертіп айтып келеді.

Естеріңізде болса қанды қаңтар қырғынынан соң президент Тоқаев елдің негізгі байлығын иемденіп отырған 162 адам туралы айтқан болатын. Қазақстан халқына қорын құрып оған қыруар қаржы да тартқан-тұғын.

Елге қайтару қорының мүшелері елден жымқырып шетелге тығылған ақшалардың қайда қалай тығылғаны туралызерттеулер жасап келеді.