5 қазанда Orda.kz сайтыныңң бас редакторы Гүлнар Бажкенованың үйіне белгісіз адамдар кесілген доңыздың басымен журналистың жыртылған суретін қалдырып кеткен. Осыған байланысты «Қантар» құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қоры тәуелсіз журналистің өміріне алаңлаушылығын білдіріп мәлімдеме жасады
«ҚАҢТАР» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ ОРТЫЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Өзін құқықтық және демократиялық мемлекет деп жариялайтын Қазақстан РеспубликасындаАдам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясына деген мызғымас құрмет болу керек.Декларацияның19-бабында төмендегідей жазылған:«Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды».
Бұл азаматтық құқықтың негізгі кепілі – бұқаралықақпарат құралдарының бостандығы, өздерінің кәсіби міндеттерін адал жүзеге асыратын журналистерге қол сұғылмаушылық.
Мұндай журналистерге қоқан-лоққы мен қысым жасауға жол берілмейді және бұл заңда белгіленген тәртіппен қудалануы тиіс.
«Қантар» құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) тәуелсіз журналист Гульнара Бажкенова мен «ORDA.kz» интернет-ресурсына қатысты жасалған, сайтты бұғаттаудан, журналистке жануардың кесілген басын жіберуден және қорқытудың басқа да арандатушылық әрекеттерінен көрінген құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді.
Сөз бостандығы және өз ойын білдіру құқығы – 2022 жылғы Қаңтардағы драмалық оқиғалардың нәтижесінде басын көтерген Жаңа және Әділ Қазақстанның басты және мүмкін,әзірше, жалғыз жетістіктерінің бірі. Осы құқықтың қайта жандануының арқасында қоғам ашық бола бастады, қарапайым адамдардың өздерінің мәселелерін, үміттері мен ұмтылыстарын ашық айтуына мүмкіндік туды, ал мемлекет өз азаматтарын тыңдай бастады.
Шындықты айтқандарға қоқан-лоқы көрсету және қуғын-сүргінге ұшырату арқылы басып тастайтын кездердің оралуына жол берілмеуі керек, өйткені бұл елімізді тағы да экономикалық және саяси дағдарысқа ұшыратып, жаңа азаматтық қақтығыстар туғызуы мүмкін.
Қор сөз бостандығы мен адал журналистиканы қорғау қажет деп санайды.Қоғамымызды толғандыратын тақырыптар туралы шындықты жазатын, адал және түбегейлі тәуелсіз журналистік зерттеулер жүргізетін журналистердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Қор қажетті моральдық қолдау мен кәсіби қызметін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша білікті заң көмегін көрсетуге ниет етіп отыр.Сонымен қатар, Қор журналистерді қорғаудың өзге де түрлерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ БАҚ-қа қатысты заңсыз әрекеттер жасаған адамдарды анықтауға, осы адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін кез-келген заңға негізделген көмек көрсетуге дайын.
Жоғарыда аталған көмек көрсету жөніндегі барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
+ 7 777 036 9 222,
+ 7 777 036 9 555.