Бүгін Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде бір топ азамат демократиялық күштер коалициясын құрып үндеу жасап жатқан тұста жетекшісі қамауда жатқан Қазақстанның тіркелмеген демократиялық партиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысты өз мәлімдемелерін жасады.
Демократиялық партия антиконституциялық мерзімінен бұрын өтетін президент салауына қарсы. Сайлау тек күрделі саяси реформалардан кейін, сайлауға қатысты демократиялық принциптерге қайшы заңдар өзгергеннен кейін өтуі тиіс. Саяси тұтқындар мен қаңтар тұтқындары бостандыққа шығуы керек. Осы шарттар орындалмай, Демпартия лидері Жанболат Мамай түрмеде отырған кезде өткен сайлауға қарсымыз, сондықтан, оған қарсы тек наразылыққа шығамыз және халықты бейбіт наразылыққа шақырамыз!, – деді белгілі журналист, құқық қорғаушы Инга Иманбай.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес