Бүгін "Политон" бағдарламасының Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына арналған санын ықшамдап беруді жөн көрдік. Бағдарламаға белгілі журналист Асхат Асан және саяси белсенді Рысбек Тоқтасын қатысқан.
Асхат Асанның сөзінше, Тоқаевтың Санкт-Петербург форумында сөйлеген сөзі жаңалық емес. Бұл Қазақстанның бұрыннан бері айтып келе жатқан позициясы.
«Қазақстанның бұл мәселе туралы позициясы ертеден ақ белгілі. Бұны Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің ешқайсысы мойындап отырған жоқ. Сондықтан «Тоқаев ЛНР мен ДНР-ді мойындамады» деп одан үлкен жаңалық жасаудың қажеті жоқ. Ол сондай позицияны тек ғана нақтылады. Мен бұны қойылым, спектакль дер едім», -дейді Асан.
Рысбек Тоқтасынның пікірінше, Тоқаевтың мәлімдемесі оның халық алдындағы беделін көтеру үшін жасалған қадам.
«Бұл кейбір адамдар айтып жүргендей Тоқаевтың батыл қадамы емес. Қаңтар оқиғасынан кейін түсіп кеткен халық алдындағы беделін көтерудің амалы және алда келе жатқан президент сайлауына дайындық. Екіншіден, Ресейге салынған санкцияларды Қазақстан арқылы айналып өту үшін жол жасау», - дейді Тоқтасын.
;t=475s














Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод