Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ұзаққа созылып барады, қазірге соғыстың аяқталар шағын дөп басып айту қиын. Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің 19 шілдеде Иран астанасы Тегеранға баратынын хабарлады. BBC news бұл сапар аясында оның Сүрия ісі бойынша келіссөздер үшін Иран президенті Эбрахим Раисимен, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі деп жазды.
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, АҚШ-қа түскен ақпарат бойынша Иранның Ресей күштерін ұшқышсыз ұшақтарды қолдануды үйретуге дайындалып жатқанын көрсетеді. Алайда ұшқышсыз ұшақтардың Ресейге жеткізілгені туралы нақты мәліметтер жоқ.
АҚШ пен басқа одақтастар Украинаға ақпан айында басып кіргеннен бері миллиардтаған долларға қару-жарақ жеткізген.
Салливан мырза АҚШ «Украинаның тиімді қорғанысын қолдауды» жалғастыратынын айтты.
Иранның Ресейге көмектесуі жағдайды тіпті де ушықтыра түсуі мүмкін. Дрондар екі тарап үшін де аса маңызды қару. Салливан мырзаның айтуынша ирандық дрондарды Йемендегі хусит көтерілісшілері Сауд Арабиясына шабуыл жасау үшін бұрын қолданғанын байқаған. Оның бұл мәлімдемесі АҚШ президенті Джо Байденнің осы аптада Израиль мен Сауд Арабиясына сапары қарсаңында айтылды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы