Дүниежүзілік Банк пен Украина соғыстан зардап шеккен экономиканы қолдау тақырыбында келіссөз өткізіп жатыр. Келіссөз сөйлесуіне Украина президенті Влоладимир Зеленский де онлайн қатысып, елдің экономикалық шығындары туралы мәліметтер берді. Украина президентінің мәліметінше, соғыстың әсерінен ел экономикасы ай сайын 7 миллиард долларын жоғалтып жатыр.

Зеленсикй Украинада соғыстан күйреген мектептер, жоғары оқу орындары, ауруханалар мен сауда орталықтары, тұрғын үйлермен өзге де әлеуметтік нысандар туралы мәлімет берді.  Бұған қоса Ресейдің Қара теңіз жағалауларындағы порттарды басып алуы Украина экспортына және жаһандық азық-түлік тармағына үлкен зиян келтіргенін айтқан. Зеленскийдің есебінше экономикалық шығындарды қалпына келтіру үшін Украина айына 7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыға мұқтаж.

Аталған келіссөз барысында Дүниежүзілік Банктің президенті Дэвид Мальпасс соғыс басталғаннан қазірге дейін Украина 60 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшырағанын айтқан.

The Qazaq Times