АҚШ-тың бірқатар сенаторлары «түркіменбашыға» хат жолдап, саяси тұтқындарды босатуды сұрады. 17 қарашада жолданған хатта Дик Дурбин, Патрик Лихи, Шеррод Браун қатарлы сенаторлар мен Өкүлдер палатасынан Том Малиновский қол қойған.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке жолданған хатта қамаудағы журналист Нургельди Халыковті, дәрігер Хурсанай Исматуллаев жана активист Гулгельды Аннаниязовты босатуды талап еткен.
«Түркіменстан сіздің басқаруыңызда ДҰСҰ секілді халықаралық институттарға қосылу жобаларын жүзеге асыруға күш салып жатыр. Халықаралық экономикаға қосылу әрекеті сөзссіз түрде сізге ел ішіндегі адам құқығына көңіл бұруды міндеттейді», – делінген хатта.
Түркіменстан бұл күнде Орта Азиядағы бес мемлекет арасында адам құқықтары сақталмаған ең жабық ел ретінде қарастырылып келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты