Пәкістанның Балокистан аймағында 7 қазанның таңында болған зілзаладан кемінде 20 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдары қаза болғандар саны өсуі мүмкін деген мәліметтер таратты. 

Балокситан автономиялы үкіметі таратқан алғашқы ресми мәліметтерде Карней ауданы мен Куетта қаласы табиғи апаттан ең көп зардап шеккені айтылған, ал сілкіністің қуаты 5,7 балл деп көрсетілген.

Зілзала центріне жақын Карней ауданында кен шахталары көп екенін жергілікті және шетелдік ақпарат құралдары жазып жатыр. Сілкіністен кейін кен шахталарында және ғимараттардың қирандыларында қамалып қалған адамдарды құтқару операциясы жүріп жатқанын жергілікті билік мәлімеді.

The Qazaq Times