Үш жылдан бері түрмеде отырған "саяси тұтқын" Алмат Жұмағұлов 1 қазанда бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты алғаш болып құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің Facebook-тағы парақшасында хабарлады.
Оның жазуынша, бүгін таңертең бір топ белсенді Алмат Жұмағұловты қарсы алу үшін Заречныйдағы түрмеге барған. Алайда оны ертерек босатып, полиция қызметкерлері таңертеңгі жетіде үйіне дейін жеткізіп тастаған.
Белсенді Алмат Жұмағұлов 2018 жылы желтоқсанда "Терроризмді насихаттады", "ұлт араздығын қоздырды" деп айыппен 8 жылға сотталған еді.
Қазақстандық құқық қорғаушылар Жұмағұловтың саяси себеппен қудаланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген. Ал Қазақстан билігі елде "саяси тұтқын" жоқ деп есептейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы