Петропавлда медициналық жалған құжаттар жасаған жасырын цехтың жұмысын әшкереленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты хабарлады.
Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, цех иелері ПТР анықтама, медициналық орталыққа шақыру сияқты құжаттарды қолдан жасап, пандемия кезінде азаматтардың шекараны заңсыз өтуіне көмектескен.
"Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды. Осы факт жөнінде ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі – адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр" делінген ҰҚК хабарламасында.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел