"Вакцинация – чиптендіру", "Коронавирус өтірік", "Вакцина жалған", "Вакцина адам өлтіреді"... Міне осы секілді түрлі қауесеттерден бір елдерде үкіметтер коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны қабылдаттыра алмай жатыр. Ал, Израильде үшінші екпе 12 жастан жоғары азаматтарға егіле бастады.
Коронавирустың мутацияланған жаңа штамдарына қарсы тұра алатын бұл екпеның шарты екінші вакцинаны алғанына кемінде 5 ай өткен болуы керек. Елде вакцинаның екінші компенентін алған 5 млн 468 мың адам бар. Тіпті, қазірдің өзінде 2 миллионға жуық еврей азаматы вакцинаның үшінші дозасын алып үлгірген.
3 млн 300 мыңнан аса халқы бар Израиль әлемде коронавирусқа қарсы екпені ең тез әрі кең қолданған ел саналады. Пандемиядан елде миллионнан астам адам ауырып оның 6 мың 958-і көз жұмған болатын.
Үшінші екпенің сынақ мерзімінде елдің денсаулық сақтау тараулары 30 жастан жоғары азаматтарға үшінші екпені міндетті емес деп тапқан болатын. Алайда, ғылыми тәжірибелерден өткеннен кейін 24 тамыз күні жаңа шешім шығарып 30 жастан жоғарыларға да егуге болатынын мәлімдеген. Қысқа уақыттан 1 млн 962 мың Израиль азаматы вирусқа қарсы үшінші екпені қабылдап үлгерді.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?