Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігін тәліптер күзетіп тұр. Бұл ақпаратты 20 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин хабарлады.
"Кабулды басып алған тәліптер Қазақстан елшілігіне де келген. Олармен елші сөйлескен. Қазақстан елшілігі екенін білген соң, "ештеңеден қорықпай бұрынғыша жұмыс істей беріңдер" деген. Содан бері тәліптер елшілікті күзетіп тұр. Тәліптермен байланыс әзірге осы ғана" деді Рахметуллин.
Әлемнің біраз елінде экстримистік ұйым деп танылған "Талибан" қозғалысы 15 тамызда Кабулды соғыссыз алған алып, Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқан. Ел президенті Ашраф Ғани елден кеткен.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел