Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы және ҰҚК жетекшілері Ауғанстан мәселесіне қатысты шұғыл жиынады. Отырыста Ауғанстандағы жағдай мен оған қатысты шұғыл шаралар туралы талқыланған. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Президенттің ресми өкілі хабарлағандай, бұл кешеден бері президент тарабынан Ауғанстанға қатысты шақырылған екінші жиналыс. Бүгінгі отырыста үкімет басшысы Асқар Маминмен қоса, күштік құрлымдардың, айталық ҰҚК, СІМ, ІІМ, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі басшылары қатысқан. Жиналыста сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешов те бар.

Ауғанстанды тақырып еткен жиын.
Отырыста Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары, сонымен қатар қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылаған. Президент Тоқаев құзырлы орындарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауға ұстауды тапсырған.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?