АҚШ-та жазушы, журналист Эрнест Хемингуэйге ұқсас адамдардың байқауы өтті.
Оған биыл шамамен 140 адам қатысқан. Жазушы 1931-1939 жылдар аралығында Ки-Уэст аралында тұрған. Сол үшін мұнда «Хэмингуэй күндері» атты фестиваль аясында оған ұқсас адамдардың байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.
Қатысушылар бірдей киініп қана қоймай, сақал өсіреді. Шарадан бөлек фестиваль аясында 5 шақырым қашықтыққа жүгіру және мәнерлеп оқудан сайыс өтеді.
Жазушы Эрнест Миллер Хемингуэй екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1954 жылы жазылған «Шал мен теңіз» повесі үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды.Хемингуэй ХХ ғасырдың 30-жылдары «Бұқа мүйізі», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары» т.б. туындыларын және қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды сынға алатын «Бар мен жоқ» романын жазды. Испан дәуірі жазушы шығармашылығының өрлеу кезеңі болды. Бұл тұста оның көптеген очерктері, репортаждары, «Бесінші колонна» пьесасы, «Қоңырау кімге соғылады?» романы жарық көрді.
2000 жылы Хэменгуэйдің повесті «Қарт пен теңіз» (Старик и море) бойынша түсірілен мультфильм «Оскар» иемденген болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті