Еуроодақтың Беларуське салған экономикалық санкциясына тағы бес мемлекет қосылды. Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель хабарлады.
Яғни Солтүстік Македония, Черногория, Албания, Норвегия және Исландия Беларусь билігіне қарсы санкция енгізуді қолдап дауыс берген.
Маусымның соңынан бастап Еуропалық одақтың Беларуське қарсы экономикалық салалық санкциялары күшіне енді. Мұндай экономикалық шектеу шаралары Минскке алғаш рет енгізілді.
22 маусымда Беларусьте 78 адам мен сегіз мекеме Еуропалық одақтың экономикалық санкциясына ілікті. Қара тізімге енгендер қатарында депутаттар, прокурорлар, судьялар және Лукашенконың ұлы Дмитрий мен келіні Лилия бар. Санкциялық тізімге енгендердің есепшоттары бұғатталып, виза берілмейді.
Еуроодақ санкциясы өткен айда Беларусь режимінің Ryanair ұшағын мәжбүрлеп Минскіге қондырып, оппозициялық журналист Роман Протасевичті ұстағанына қарсы шара. Ресми Минск халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері ұстанған саясатты «Беларусьтің ішкі ісіне араласу, іріткі салу» деп санайды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі