Еуропа Одағы Ресейге 2014 жылдан бері салынып келе жатқан санкциясының мерзімін тағы жарты жылға ұзартты. ЕО-ның бұл шешіміне маусымдағы одақ мүшелерінің жетекшілері бас қосқан саммит себеп болды. Онда ЕО жетекшілері Минск келісімін жүзеге асыру бойынша қорытынды бағалау жасаған еді.
Еуроодақтың жаңа шешіміне сай Ресейге бағытталған экономикалық санкциялар 2022 жылдың ақпан айына дейін жалғасады. Одақтың ортақ заңына сай санкция әр жарты жыл сайын ұзартылып отырады. Әрине, Ресей мен Батыстың мәмілесі қазіргідей күйде тұрса санкциялар тағы да ұзақ уақытқа жалғаса бермек.
2014 жылы Ресей Қырым мен Севастопольді заңсыз аннекциялағаннан кейін Еуропа Одағы, АҚШ және Британия секілді бірқатар елдер Мәскеуді санкция нысанасына алған болатын. Санкция талабы бойынша ЕО мүшелері және өзге санкция салушы елдер Ресейге қару-жарақ сатуды қатаң шектейді. Сондай-ақ, Ресейдің энергетика саласына қолданатын технологияларды Еуропадан сатып ала алмайды. Ал, ресейлік банктер одақтың қаржы секторынан шығарылып тасталған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау