Бір ай бұрын шекарасын қайта ашқан Испанияда эпидахуал нашарлай бастады. Мұнда да «Дельта» штамын жұқтырғандар саны артқан.
Қазір Испания туристердің келуі бойынша әлемде екінші орында болғандықтан, бұл саланың үлесі экономиканың 13%-ын құраған. Алайда демалушыларды жаппай қабылдау санитарлық ахуалға кері әсерін тигізді. Әсіресе танымал шипажайларда вирустың таралуы үдей түсті. Туристер демалуды ұнататын Каталония өңірінде коронавирус өршіді. Індет жұқтырғандардың орташа жасы – 26.
Еуроодаққа мүше елдердің азаматтары Испанияға санитарлық төлқұжатпен келе алады. Ал өзге елдердің тұрғындары Еуроодақта мақұлданған вакцина ектіруі тиіс.
Елде вакциналау науқаны қарқынды өтіп жатыр. Бүгінге дейін тұрғындарының жартысынан көбі екпенің алғашқы дозасын қабылдаған. Бірақ жастар арасында екпе салғандар аз. Өйткені оларға вакцина таяуда ғана қолжетімді болды. «Дельта» штамының қаупі артқандықтан, Испанияда карантин шектеулері қайтадан қатаңдатылуы мүмкін.