Санкция құрсауында қалған Беларусь Украинамен шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті. Қазір өткізу пункттерінде күзетшілердің саны артқан.
Беларусь меммлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковскийдің айтуынша, заңсыз әрекеттер мен қауіптің алдын алу үшін жаңа ереже күшіне енген. Енді бақылау-өткізу бекеттерінде шекарадан өтетін адамдарды тіркеу қолданыстағы шектеулер мен қосымша қауіпсіздік шараларын ескере отырып жүзеге асырылады.
3 шілдеде Беларусь президенті Александр Лукашенко «өте көп мөлшердегі қару-жарақ тасымалының алдын алуды» сылтау етіп, Украинамен шекараны толығымен жабу туралы бұйрық берген.
Өз кезегінде Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украинаның өзімен көрші постсоветтік елдің ішкі ісіне араласпағанын және ондай жоспары да жоғын мәлімдеді. Өз әкімшілігі жариялаған сөзінде Лукашенко Беларусьте Германия, Литва, АҚШ, Польша және Украинамен байланысты «астыртын террор ұйымдарды» әшкереленгенін айтқан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы