Қытай үкіметі коронавирус інтетіне байланысты шекаралық шектеулерді тағы бір жылға ұзартуға шешім қабылдады. Елдің Денсаулқ сақтау министрлігі бұндай шешімге жаһандық індет жағдай және вирустың жаңа штамдарының көбеюі себеп болғанын атап көрсеткен.
Қытай қатаң карантиндік шаралар арқылы індетке қарсы нәтижелі күрес жүргізген ел ретінде аталады. Елде ресми статистика бойынша 91 мың 600-ден астам адам індетке шалдығып, 4 мың 636 адам көз жұмған. Дегенмен, кейбір елдер тарабынан Қытайдағы індетке қатысты статистикаға сын-пікірлер айтылып келеді.
Осы аптаның алғашқы күнінде елде індет жұқтырған 25 науқас анықталып, кейбір жерлерде шектеу қайта күшейтілді. Анықталған науқастар арасында вирустың жаңа штамдары бар екені де айтылуда.
Қытай қазір ел азаматтарын жаппай емдеуден өткізіп жатыр. Халық санының көптігіне байланысты жаппай вакцинация ел азаматтарының басым көбін қамти алмай отыр. Қытай қазірге дейін 1 млрд 50 млн вакцина дозасын өндірген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді