Баспасөз баяны

2021 жылы 21 маусымда сағат 14:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы оқырман залында «Орталық Азиядағы геосаяси процестің даму бағыты және Қазақстан: Аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері» атты ғылыми конференция өтеді.

The Qazaq Times ақпараттық агенттігі  «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қолдауында ұйымдастыратын ғылыми талқы отырысына отандық және шетелдік саясаттанушылар, сарапшы мамандар шақырылған. Ғылыми шарада қатысты саланың мамандары  қазіргі жаһандық геостратегиялық өзгерістер мен державалар арасындағы шиеленісті қарым-қатынастың Қазақстанды қамтыған Орта Азияға жасап отырған ықпал-әсері, ықтимал сын-қатерлерін талқылайды.  Орта Азиядағы аймақтық түйткілдерге – діни радикал күштердің қаупі және этноаралық қақтығыстар мәселесі мен оны шешу жолдары қарастырылады. Бұған қоса, АҚШ және НАТО-ның Ауғанстанға қатысты жаңа шешімдеріне байланысты  аймақта  орын алуы мүмкін жаңа жағдайларға ғылыми болжамдар жасалады.

Шараның мақсаты: 

Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты проблемаларды талдау және шешу жолдарын қарастыру; Аймақтағы өзекті мәселелерге байланысты отандық мамандардың ортақ пікірін қалыптастыру; Қазақстанды қамтыған аймақтағы геосаяси өзгерістерге отандық  БАҚ-тың назарын аударту.

Қосымша ақпарат:

Ғылыми конференция бұқаралық ақпарат құралдарына ашық, offline және online форматта өтеді;

Конференцияның уақыты: 21 маусым 2020ж. сағат 14:00-де (Алматы уақыты).

Конференцияның өтетін орыны: ҚР Ұлттық кітапханасы Н.Дәулетова атындағы оқырман залы,  Абай даңғылы – 14, Алматы қ.

Online форматындағы жеке идентификаторы мен сілтемесі:

894 5328 1528  Кілтсөз: 499550

(https://us02web.zoom.us/j/89453281528?pwd=MG9MVFZVWEV1dHJrZW1IdmRqTklCZz09)

Ұйымдастырушы: The Qazaq Times ақпараттық, қоғамдық-саяси порталы.

Байланыс: +7 777 000 00 42, +7 775 245 77 33;

Эл. пошта: qazaq.times@gmail.com