Ресей сыртқы істер министрлігінің Санкт-Петербургта өткізген экононикалық форумында Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс қызметі – Радио Свобода медиа мекемесінің бас директоры Андрей Шарый Ресейде «Шетел агенті» деп аталатын БАҚ-тардағы журналист материалдарын маркировка жасауды міндеттейтін Роскомнадзор бұйрығын жоюды талап етті.

Ал бұған дейін Ресей СІМ-нің ақпарат және баспасөз департаментінің директоры Мария Захарова "шетел агенті" туралы Ресей заңы АҚШ үкіметінің "Америкадағы ресейлік журналистерге қарсы әрекеттеріне" ұқсас екенін жеткізген.

Жыл басынан бері осы заңды атқармады яғни материалдарын маркировка ету талаптарын орындамады деген айыппен Радио Свобода 520 әкімшілік жаза хатталып осыған байланысты айыппұл көлемі 80 млн. рубльден асқан. Бұл шешімдермен келіспеген Андрей Шарый Ресейдің үстінен Адам құқықтары бойынша Еуропа сотына арызданған.

Мамыр айында сот шешімін орындаушылар қызметі айыппұлды мәжбүрлеп өндіру туралы 20 өндірістік іс ашып, Радио Свободаның банк есеп-шоттары бұғатталған.

"The Qazaq Times"