Бішкек арқылы өзге шет мемлекетке бармақ болған 177 тәжікстандық азамат Қырғызстан тарабынан кері қайтарылды. Бұндай мәліметті "Манас" халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де растаған.
Кеше, кейбір қырғызстандық ақпарат құралдарында "Сомон Эйр" әуе компаниясымен Бішкек арқылы ұшпақ болған 300 шетел азаматы "Манас" әуежайында қалып қойды деген ақпарат тарған. Алайда, бұл мәліметті Қырғызстан үкіметі жоққа шығарды. Аталған әуе компаниясының бортында 9 шет мемлекеттен 186 азаматтың болғанын, 177 тәжік азаматы кері қайтарылғанын мәлімдеді. Бішкек тарабының мәлімдемесінде айтылуынша, қырғыз-тәжік шекара жанжалына байланысты Қырғызстанның шекара күзет қызметі тәжікстандық жолаушыларды елге кіргізбеген.
Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын бір тарапты жауып тастағын 21 мамыр күні белгілі болған. Елдің Министрлер кабинеті төрағасы жағынан жасалған мәлімдемеде, шекара уақытша жабылғанын, тараптар арасындағы келісім толық талқыланбайынша шектеу күшінде қала беретінін айтқан.
Сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжіктсан ортасында шекара жанжалы болып, жүздеген адам жараланып, ондаған адам қаза тапқан. Тараптар жанжалды тоқтатқанымен екі ел арасындағы келіспеушілік әлі де өз күйінде қалып отыр.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Иран: экономикалық күйзеліс пен саяси легитимдік дағдарыс