Еуроодаққа мүше 27 елдің шағымы бойынша Еурокомиссия AstraZeneca британ-швед компаниясын сотқа берді. Бұған вакцинаның уақытылы жеткізілмеуі себеп.
Былтыр тамызда Еуропа аталған компанияға екпенің 400 миллион дозасына алдын ала тапсырыс берген. Бірақ биыл 120 миллион вакцина дозасының тек 40 миллионын ғана жеткізген. Соның салдарынан бірнеше ел ұлттық вакциналау науқанына өзгеріс енгізуге мәжбүр болды.
Қазір Еуроодақ елдерінде жалпыұлттық вакцина науқаны жоспардағыдай орындалып жатқан жоқ. Себебі, AstraZeneca-дан бөлек коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жұмыстарын BioNTech/Pfizer және Moderna компаниялары да кешіктіріп отыр. AstraZeneca биыл бірінші тоқсанда препараттың 100 миллион дозаның орнына 30 миллион дозасын жіберген. Компания мұны төмен өндіріс көлемімен түсіндіреді.
Бұған дейін Еуропа елдері аталған екпені сатып алудан бас тарқан. Себебі «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Канадада аталған екпені 55 жастан асқандарға салуға тыйым салынды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы