Қырғыз бен тәжік арасында тағы да шекара жанжалы өршитін түрі бар. Баткен облысындағы жыл сайын түрлі деңгейде туып отыратын даулы шекара мәселесі қырғыздың жаңа билігі үшін тағы бір салмақ қосып отыр. Жақында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Баткенге Бішкектің арнайы өкілін тағайындаған болатын. Шекара тұрғындары өткен аптадан бері Баткен орталығында және Бішкекте наразылық шараларын да өткізді.
Үкіметтің арнайы өкілі Өмірбек Суаналиев бір күн бұрын қырғыз журналистеріне берген жауабында тәжік тараптың аткезшілік (контрабандалық) және шекараны заңсыз кесу айыптары бойынша қырғызстандық үш азаматты ұстап отырғанын айтқан болатын. Бүгін Ө.Суанәлиевтен кездесуді талап етіп бір топ жергілікті белсенділер Баткен орталығында наразылық шарасына шыққан. Олар қырғыз азаматтарының босатылуын талап етуде.
Қырғызстандық кейбір ақпарат арналары бей ресми дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Тәжікстан тарабы ұстаған қырғыз азаматтарының санын 20 адам деп көрсеткен. Бірақ мұндай мәліметтерді қырғыз бен тәжіктің бигілі растаған жоқ.
Екі ел арасында әр жылы анықталмаған шекара мәселесі бойынша дау-шарлар жиі болып тұрады. Әсіресе жаз айларында ауылшаруашылығына пайдаланылатын су қоймалары мен өзен-көлдер бойынша жанжал болуы үрдіске айналып барады. Бұған дейін сарапшылар шекара мәселесі жаңадан билікке келген Садыр Жапаровтың шешуге тиісті басты мәселелерінің бірі екенін атап өткен еді.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?