Түркіменстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізіндегі «Достық» мұнай кешенін ортақ ашу туралы келісім жасалды.
«Достық» мұнай кешенін ортақ ашу туралы келісім Ашхабадта екі ел СІМ басшыларының арасындағы кездесуде жасалды. Әзірбайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Ашхабад сапарында түркімен СІМ басшысы Рашид Мередовпен келісімге қол қойысты. Екі елдің президенттері де онлайн конференция арқылы келіссөзге қатысқан.
Каспий теңізіндегі иелік құқыққа байланысты бауырлас Әзірбайжан мен Түркіменстан арасында көптеген жылдар бойы қайшылық шешім таппай келген. Екі ел арасында «Сердар» мен «Кепез» мұнайлы орындар бауырлас екі елдің Каспийді тең бөліп сызған шекара сызығына тура келгендіктен иелік құқыққа байланысты таласты мәселе жаралған.
Аталған мұнайлы нүктелерден шамамен 60 млн тонна мұнай қорының бар екені айтылады. Тараптардың оны ортақ игеруге келісуі өңірлік маңызы бар келісімге жатады.


















Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр