Беларусьте билікке қарсы наразылықтарпдың жалғасып жатқанына төрт айға жуықтады. Бұл жолы Минск орталығында екі мыңнан астам адам қатысқан «Зейнеткерлер шеруі» өтті. Бұл туралы TUT.BY сайты хабарлады.
Соңғы бірнеше айда Минскіде Беларусь оппозициясы жақтастарының демонстрациясы өтті. Бұл жолы зейнеткерлер шеруіне қатысушылар «Якуб Колас» алаңына жиналды. Алаңда жиналғандардың шағын колоннасы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Жеңіс алаңына қарай бағыт алды.
Ал Onliner порталы куәгерлердің айтуынша, алаңда қауіпсіздік қызметкерлері шеруге шыққан зейнеткерлерді күшпен қайтармақ болды. Беларусь Ішкі істер министрліні бұл шерудің заңсыз екенін айтып, алаңға жиналғандарға ескерту жасады.
6 желтоқсанда Беларусь күштік құрылым өкілдері Александр Лукашенко режиміне қарсы наразылық акциясы кезінде 300-ден астам адамды ұстаған. Сонымен қатар өткен аптада Минскідегі сот TUT.BY сайтын БАҚ мәртебесінен айырды. Басты себеп – сайт тілшілерінің президент сайлауы мен елдегі митингтен шынайы ақпарат таратуы.
9 тамыздан бері Минск мен елдің өзге қалаларында наразылық акциясы жалғасып жатыр. Сол күні Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды.
Наразылықты күшпен басу кезінде кемінде 5 адам қаза болған, 6 адам із-түзсіз жоғалған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, шамамен 30 мың адам қудаланып, қоқан-лоқыға ұшыраған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?