Жаһандық індетке айналған коронавирус былтыр жыл соңында алғаш рет Қытайдың Ухан қаласында тіркелген еді. Содан 11 ай өткеннен кейін Қытай өзі өндірген коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемдік нарыққа шығаруға талпынып жатқаны мәлім болды. Осы бойынша Бейжің Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Вакцина өндіру бағытында Қытайда он фармацевтикалық компания жұмыс жасауда, осы компаниялардың дайындаған 4 вакцинасы үшінші сынақ кезеңінен өткен.
China Biotechnology Group компаниясы Азия, Оңтүстік Америка және Таяу Шығыстағы елдерінде вакцинация жасамақ, бұл сынаққа 10 елден 40 мыңнан астам еріктілер қатысуға келісім берген. Компанияға келісім берген еріктілер негізінен Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Ресей және БАӘ азаматтары.
Ал әлем державалары арасында вакцина әзірлеу бәсекесі жүріп жатыр. Бұл қатарда АҚШ, Ресей және Еуропа елдері әр түрлі вакциналар дайындауда, алайда 100% нәтиже көрсетпей отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел