Азаттык Үналгысы өткен түнде Бішкекте ереуілшілер парламент пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратын басып алғанын хабарлады. Желіде Президент Сооронбай Жээнбеков елдің оңтүстігіне ұшып кетті деген мәлімет тарады. Алайда оның баспасөз хатшысы президент Бішкектен кетпегенін мәлімдеді.
Бішкектегі қақтығыстар 5 қазанда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары жарияланғаннан кейін басталды. Демонстранттар қайта сайлау өткізуді талап етіп, Бішкек орталығына жиналды. Манифестанттарды тарату үшін милиция суатқыштарды, көзден жас ағызатын газды және жарық шуылы гранаталарын қолдануда. Қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам зардап шеккен.

Фото: ТАСС
Қақтығыс басталғаннан кейін алғашқы екі сағатта полиция шерушілерді орталық алаңнан ығыстырды. Осыдан кейін қақтығыстар іргелес көшелерде жалғасты. Біртіндеп ереуілшілер саны артып, тәртіп сақшылары шегіне бастады. Кейіннен шерушілер парламент ғимаратына басып кіріп, президент кабинетінің тас талқанын шығарып, өрт қойды. Тағы бір топ Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратын басып алып, осы комитеттің абақтысынан елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев босатылды. Сондай-ақ бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен саясаткер Садыр Жапаров та бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Бішкектегі митингте полиция суатқыш, көз жасаурататын газ қолданған. Фото: ВВС
Қақтығыстар кезінде 590 адам жарақаттанған. Бір адам мерт болған. Ел президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін саяси партия жетекшілерімен кездесуге уәде берген еді. Жақын арада Ала-Тоо алаңында Алмазбек Атамбаев халыққа үндеу жасайды деген ақпарат бар. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шерушілер Ұлттық сенім үкіметін құрмақ.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр