Карантин кезінде қанша кәсіпкер шығынға ұшырады, қаншауы нарықтан шығып қалды? Экономиканың күре тамыры орта және шағын кәсіпкерлік салаға мемлекет тарапынан қандай қолдау болып жатыр? Бейсенбі күнгі Орталық коммуникация қызметінде «Бизнесті дамыту және қолдау» тақырыбында  өткен брифиннте редакция сұрағына жартылай жауап берілді.

Қоғамдағы негізгі сервис саласы болып саналатын шаштараз, химиялық тазалау, сән салондары және жеткізу қызметі қарастырылмаған қоғамдық тамақтану орындары, кәсіпкерлерге қандай нақты қолдау түрі жоспарланған деген сауалға «Даму» Қоры АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев:

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 14,5% мөлшеріндегі несиенің  8,5%-ын біз субсидиялаймыз. Кепілдік көлемі жетіспесе, біз бере аламыз. ТЖ режимі кезінде қызмет көрсету және басқа да салалар шеңберінде 1128 жоба субсидияланды. 35 жобаға кепіл болуға көмектестік», – деп қысқа қайырды.

Елімізде 1,2 млн-ға жуық дара кәсіпкерлік нысаны бар. Соның небәрі 1200-дейіне ғана қолдау жасалған.

Шенеуніктің сөзінше, «Даму» қорынан қайтарымсыз несие берілмейді. Тек өзге мемлекеттік бағдарламамен инновациялық жобаларға ғана грант тағайындалатын көрінеді.

Экономика министрлігіне қарасты Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов:

– «Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында арнайы, ісін жаңадан бастауға ынталы кәсіпкерелерге қолдау ретінде берілетін төлем жалғасады. Бүгінгі таңда төлем көлемі 750 мың теңге ұлғайып отыр. Гранттардың биылғы бюджеті – 1 млрд 200 млн теңгеге жеткен. Мұны жергілікті атқарушы билік жүргізеді. Жоспарға сәйкес конкурс арқылы екінші жарты жылдықта берілмек. Бұл жөнінде өңірлердегі Кәсіпкерлерді қолдау палатасы арқылы ақпарат алып, конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар, – дейді.

«Карантин шектеуінен жұмысы тоқтап-тұралап тұрған ЖШС және Жеке кәсіпкерлердің шама саны қанша?», «Бизнес біліктілігі бойынша білім алып, кәсіптік жоспарын қорғап шыққан болашақ кәсіпкерлерге 550 мың ₸  көлемінде қайтарусыз қаржы беру неге бәсеңдеп қалды? Бұл көрсеткіш 2020 жылдың І жартыжылдығында нешеге жетті? Былтыр осындай қолдауға қол жеткізгендер саны қанша болып еді?» деген сауалдар алдын-ала жолданғанына қарамастан, жауапты шенеуніктер жауап беруден қашқақтады.

;t=725s

"The Qazaq Times"