Қытай экономикасы жылдың екінші тоқсанында 3.2 пайызға өскен. Жаһандық дағдарыс тұсында әлемнің екінші ірі экономикасындағы өсім әлем елдері үшін жағымды жаңалық қатарында қабылданды. Алайда, бұл шынында қуанарлық өзгеріс пе?
Қытай экономикасы жылдың алғашқы тоқсанында Уханда тараған індеттен ауыр заржап шегіп, соңғы 40 жылдағы ең нашар деңгейге түскен еді. Ел ішіндегі індетті тежей алғанымен, әлемге тараған індет Қытайдың экспортын 83 пайызға дейін төмендетіп, өндірісін дағдарысқа ұшыратқан. Дегенмен, шектеу шаралары қысқарғаннан кейін Қытай экономикасы қайта жандана бастаған.
Экономистер Қытай экономикасындағы бұл өзгерістерді Бейжіңнің экономиканы қолдау саясатының нәтижесі деп қарайды. Демек, Бейжіңнің экономиканы қолдауға жасаған қадамдары жемісті болған. Қазыр Қытай зауыттары қайта жанданып, өндіріс артып келеді.
Дегенмен, эксперттер Қытай экономикасында көп өтпей көрсеткіштер қайта төмендеуі мүмкін деп болжайды. Қазірдің өзінде Қытай экономикасы үшін аса маңызды болған техникалық қызмет көрсету тармағында көрнекті өсім жоқ.
Бұған қоса, АҚШ-Қытай қайшылығы мен Гонконг мәселесі де Қытай экономикасының өсіміне кері әсер ететіні анық. Гонконгтағы даулы мәслелер және АҚШ-тың көпжақты қысымдарынан кейін Бейжіңнің экономиканы қолдау шаралары әлсіреп, ел экономикасы кері кете түсуі мүмкін.
Айта кетейік, мамырда Қытай билігі дәстүрден жаңылып, жылдық экономикалық өсім мақсатын жариялаған жоқ. 1990 жылдан бері Қытай өзінің қарқынды экономикалық дамуын әйгілеу мақсатында жылдық өсім нүктесін жариялап келген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні