Польшаның қазіргі президенті Анджей Дуда сайлауда екінші мәрте жеңіске жетті. Бұл туралы бюллетеньдердің 99,97%-ын өңдеген Мемлекеттік сайлау комиссиясы хабарлады.
Сайлау комиссиясының басшысы Сильвестер Мартиняк баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, дауыс берушілердің 51,21% Дудаға қолдау көрсетсе, 48,79%-ы оның қарсыласы Варшава мэрі Рафал Тшасковскийді қолдаған.
Мартиняктың айтуынша, қазір сайлаудың ресми нәтижелерін жариялау мүмкін емес. Себебі әлі күнге дейін бірнеше округтік сайлау комиссияларынан, соның ішінде шет елдерден де хаттамалар келіп түскен жоқ. «Бірақ бұл сайлау нәтижесін өзгертпейді», – деді ол.
Алдын-ала мәліметтер бойынша сайлауға халықтың 68,12%-ы келіп дауыс берген. «Пандемияға қарамастан, дауыс берушілер белсенділігі әлдеқайда жоғары. Бұл – ХХІ ғасырдағы президенттік сайлаудағы рекорд», – деді Мартиняк.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы