Өткен күні Қазақстанда коронавирус кеселіне 450 адамның шалдыққаны белгілі болды.
Дерттің беталысы 4,1% өсімді көрсетті. Кейстердің ең көбі астанада (101), Атырау (69), Қарағанды (59), БҚО (44), және Қызылорда облыстарында (31), сондай-ақ Шымкентте (32) тіркелген. Жұқтыру жағдайы барлық өңірден анықталған.
Көктемнің соңғы күні Шымкент қаласының 61 жастағы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 54 және 53 жастағы тұрғындары қайтыс болғаны туралы қаралы хабар айтылды.
Сонымен қауіпті дерт жұқтырған науқастар санының жалпы жиыны 11308-ге жетті. Оның 5404-і ауруынан айығып, сауығып ұйіне жіберілсе, 5,8 мыңдай адам әлі емделіп жатыр. Өкінішке қарай, ресми ақпарат бойынша, COVID-19 вирусын жұқтырған 41 адам ның жағдайы қиындап, қайтыс болған. Дегенмен бірқатар БАҚ өкілдері (Информбюро және Азаттық) Қазақстанда вирус жұқтырған кем дегенде 72 адамның қайтыс болғанын анықтап хабарлаған еді.
Кейстер саны бойынша Қазақстан өңірлеріндегі жағдай:
| Аймақ | Вирус жұқтырғандар саны | Сауығып шыққандар саны | Қайтыс болғандар саны |
| Ел бойынша | 11 308 | 5 404 | 41 |
| Алматы | 2647 | 1552 | 10 |
| Астана | 2207 | 1121 | 6 |
| Атырау облысы | 1105 | 314 | 0 |
| Қарағанды облысы | 932 | 243 | 3 |
| Шымкент | 867 | 274 | 8 |
| Батыс Қазақстан облысы | 665 | 309 | 1 |
| Қызылорда облысы | 402 | 245 | 0 |
| Жамбыл облысы | 380 | 196 | 1 |
| Түркістан облысы | 379 | 210 | 1 |
| Алматы облысы | 361 | 186 | 0 |
| Ақтөбе облысы | 343 | 189 | 0 |
| Маңғыстау облысы | 272 | 136 | 1 |
| Павлодар облысы | 206 | 149 | 3 |
| Қостанай облысы | 182 | 84 | 2 |
| Ақмола облысы | 166 | 107 | 4 |
| Шығыс Қазақстан облысы | 135 | 54 | 1 |
| Солтүстік Қазақстан облысы | 59 | 35 | 0 |


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі