АҚШ президенті Дональд Трамп «Ашық аспан келісімінен» (DON) шығу туралы шешімге келді. Бұған Ресейдің талаптарды орындамауы себеп, – дейді «The New York Times» басылымы.
Ақ үй басшысы сөзінде Ресейдің келісімшартты өрсекел бұзғанын айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәліметінше, Уашингтонның «Ашық аспан келісімінен» шығу туралы шешімі алты айдан кейін күшіне енеді. Трамптың бұл шешімін БҰҰ сынға алып отыр.
Тараптар арасында жаңа келісімге қол жетаізу мүмкіндігі болғанмен, ресми Мәскеу Уашингтонның бұл әрекетіне теріс реакция танытты. Ресей Сыртқы істер министрлігі Қаруды таратпау және қаруды бақылау департаментінің директоры Владимир Ермаков Уашингтонның келісімнен шығуын және Мәскеуге қатысты айыпты негізсіз деп атады.
Аталған келісімге 1992 жылы Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 23 мемлекеттің өкілдері қол қойды. Құжаттың қабылдануына Мәскеу белсенді атсалысқан. Қазіргі уақытта бұл ұйымда 34 мемлекет бар.
Келісім бойынша ұйымға мүше мемлекеттерге бақылаушы есебінде әскери іс-әрекеттерді бақылау үшін бір-бірінің аумақтары арқылы ұшуға рұқсат берілген.
Кейіннен Ресейдің құжаттағы талаптарды бұзғаны анықталып, 2017 жылы Уашингтон ресейлік бақылаушы рейстерге бірқатар шектеулер енгізген.