Қазақстандағы коронавирустың 29 сәуір, сағат 09:10-дағы эпидемиологиялық жағдайы бойынша Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 36 адам тіркелген, оның ішінде
Ақмола облысында - 3, Жамбыл облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 2, Түркістан облысында - 3, Алматы қаласында - 5, елордадан - 7, Шымкент қаласында - 6, Атырау облысында - 3 адамнан вирустың белгілері анықталған.
Осы уақытқа дейін ел астанасынан 612 адам, Алматы қаласында – 924, Шымкент қаласында – 182, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 113, Атырау облысында – 131, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 113, Батыс Қазақстан облысында – 127, Қарағанды облысында – 139, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 34, Павлодар облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124 адам тіркеліп жалпы 3063 науқасқа жеткен.
Аталмыш дерттен 774 адам айығып, 25 адам қайтыс болған.