Қамшы мен жазалаудың орнына айыппұл төлеу мен қамақ жазасын енгізген Сауд Арабия жоғарғы соты кәмелет жасына толмағандарды өлім жазасын кесуден бас тартуға ниетті. Бұл туралы Салман корелдің жарлығына сілтеме жасаған Адам құқықтары туралы комиссия хабарлады.
Олар енді бұған дейінгі он сегіз жасқа толмағандарға да қолданылатын өлім жазасына тиым салмақ. Дегенмен корольдің бұл жарлығы қашан күшіне енетіні белгісіз. Сауд елі Бірлескен Ұлттар Ұйымының балалар құқықтары туралы конвецияны 1996 жылы ретификациялаған болатын.
Өткен аптада халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлемде өлім жазасына кесу туралы соңғы 10 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жеткенін мәлімдеген. Алайда ұйым бірқатар елдерде өлім жазасы жасырын қолданылатынын айтқан. Ақпаратқа қарағанда, Қытайда жыл сайын мыңдаған адам өлім жазасына тартылады, бірақ бұл туралы мәлімет жарияланбайды. Одан кейінгі орында Иран тұр. 2019 жылы бұл елде кемінде 251 адам өлім жазасына кесілген.