Бүгін The Qazaq Times қоғамдық-саяси, ақпараттық порталының Talk-TOR сұхбат жобасында GSB UIB Бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық мырзамен экономикаға қатысты әңгіме өткізген едік.
Экономист маман мұнай бағасының құлдырауының басты себебін талдай келе, әлемдік дағдарыстың жақын тұрғанын, оған коронавирусқа байланысты әлем елдерінің экономикалық белсенділігінің әлсіреуі де әсер етіп жатқанын айтты. Сарапшы пікіріне сенсек, кезекті экономикалық дағдарыс бұған дейін де экономистер жағынан болжанған.