Президенттің апайы саяжай салу үшін бір ауылды бұздыртып тастады.
Түркіменстанда Ашхабадтың оңтүстік-шығысында орналасқан Маныш ауылы бұзылып, тұрғындары өзге аймақтарға көшірілді. «Хроники Туркменстана» басылымының мәліметінше, қазір бұзылған ауыл орнында құрылыс жұмыстары жүруде. Болжам бойынша, жаңадан салынып жатқан ғимарат ел президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың апайларының біріне арналған саяжай.
Бұзу жұмыстарын былтыр бастаған. Ақпан айының аяғында оқу жылының аяқталмауына қарамастан, ауылдық мектепті де бұзған. Қазір Маныш тұрғындары Анау елді мекеніндегі көп қабатты үйлерге көшірілген. Құрылыс жұмыстары басталғалы бері Маныш ауылына кіреберіске блокпост қойылып, аумаққа тек құрылысшылар ғана өткізілуде.
Бұған дейін шипажай орналасқан көршілес Багабат ауылы бұзылған. Қазір онда жаңадан шипажай салынуда.
The Qazaq Times


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау