Кеше Алматыда өткен турнирде аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевты нокаутқа түсірді.
Аталған жекпе-жек Алматыда өткен ACA 105 турнирінің басты оқиғасы болып, бірінші раундта аяқталды.
30 жастағы Арман Оспанов осымен оныншы рет жеңіске жетті, үш рет жеңілген. Ал 33 жастағы Мирзаев карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр. Оның 18 жеңісі бар.
Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылдың 10 қарашасында Мәскеуде кездесуі керек болған, бірақ қазақстандық жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмаған.
Мұның алдында бұл турнирде басқа да қазақстандықтар кездесуге шыққан. Артем Резников (21-6), Асылжан Бақытжанұлы (11-1), Евгений Егембердиев (11-2) және Нұрсұлтан Қасымханов (10-2) қарсыластарынан басым түскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді