Каирда Египеттің биліктен халық күшімен алынған экс-президенті Құсни Мүбәрак қайтыс болды. Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, 92 жастағы Мүбәрак әскери ауруханада көз жұмған.
Египетті 30 жыл билеп, 2011 жылы ақпанда биліктен кетірілген Мүбәрак 2012 жылы халық толқуы кезінде көшеге шыққан жүздеген адамның өліміне айыпты деп танылып, өмір бойы түрмеге жабылған еді. Кейінірек жоғарғы сот үкімнің күшін жойды.
2015 жылы Мүбәрак президент сарайын жөндеуге деп бөлінген «қаржыны жымқырды» деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айрылған. 2017 жылы наурыз айында ақталып шыққан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы