Тәжік журналисі Далер Шарифов екінші тәулік бойы арнайы қызметте тергеліп жатыр. Бұл жөнінде 29 қаңтарда оның туыстары хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
«Сейсенбі күні сағат 11.00 шамасында телефонмен сөйлескеннен кейін үйден шығып кетті. Бір адаммен кездесуім керек деп айтты», -дейді оның туысы.
Бірер күн бұрын милиция қызметкерлері журналистің үйіне тінту жүргізіп, компьютері мен арабша жазылған барлық кітабын алып кеткен.
Тәжікстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталық Далер Шарифовке арнайы адвокат бөлді.
Журналисті тергеуге алуының себебі әзірге белгісіз. Билік тарапы ресми түсініктеме бермеді.
Далер Шарифов осыған дейін мемлекеттік «Сафина» телеканалында жұмыс істеген. Соңғы уақытта жеке кәсіппен айналысып жүрген. Бірақ әлеуметтік желі арқылы сыни постар жазып, танымал бола бастаған.
Жыл басынан бері Тәжікстанда "Мұсылман ағайындар" халықаралық террористік топқа қатысы бар деген күдікпен 113 адам ұсталған. Олардың арасында екі шетел азаматы, әкімшілік қызметкерлері және жоғары оқу орындарының қызметкерлері де бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы