Хайнань провинциясының денсаулық сақтау комитеті коронавирустан бір адам қаза тапқанын хабарлады.
Қаза болған азамат курорттық аралға Ухань қаласынан келген 80 жастағы әйел. 27 қаңтардағы таңертеңгі жағдай бойынша, Хайнань провинциясында ауру жұқтырған 31 адам анықталған, төрт адам ауыр халде жатыр. Індет ең көп тараған елді мекендер – танымал туристік Санья қаласы (10 жағдай), Хайкоу қаласы (6 жағдай) және Ваньнин қаласы (7 жағдай).
2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «карантинмен жауып» тастады. Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 80 адам көз жұмған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті