Хорватия 30 маусымға дейін Еуропалық одаққа төрағалық етпек. Жарты жылдан кейін бұл лауазым Германияға өтеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Хорватия халықаралық ұйымда алғаш рет төрағалық етіп отыр. Бес ай аралығында Хорватия үкімет басшысы Брюссель мен Люксембургте Еурокеңестің отырыстарын, Одаққа мүше елдердің министрлерімен Загреб қаласында бейресми кездесулер өткізуі тиіс. Сонымен қатар одақ құрамынан шығуды жоспарлап отырған Ұлыбританиямен келіссөздер жүргізеді.
7 қаңтарда Хорватияда президенттік сайлау мәресіне жетіп, оппозициялық социал-демократтар партиясының мүшесі, бұрығны премьер-министр Зоран Миланович жеңіске жеткен. Енді Еуроодаққа басшылық ететін үкімет жыл соңында парламенттік сайлау өткізбек.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау