Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Zhastar online» атты жаңа жобаны қолға алды. Онлайн қызықты акциялармен, тартымды сұхбаттар жиі жарияланып тұратын жоба жастарының бос уақытын ұтымды пайдалануына көмегі тиеді.
Бұдан тыс «Zhastar online» жұмыспен қамту, жастар біліктілігін арттыру, мемлекеттік жастарды қолдау бағдарламаларымен таныстыру сияқты пайдалы мәліметтерді де ел назарына жиы ұсынатын болады.
Аталған жобаға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы тікелей қолдау көрсетіп отырғанын айта кетейік.
Бірлестік бұдан өзге AlmatyJastary.kz сайтын жаңартып, тың ақпараттармен толықтырмақ. Сайттың басты мақсаты – Алматы қаласында жастардың тыныс-тіршілігін, салауатты өмір салтын, ғылым мен білімді, белсенді де білікті жастарды елге таныту. Биыл «Жастар жылы» болғандықтан, Қазақстандағы жастар саясаты сайт арқылы жаңа қырынан насихатталмақ.