Алдағы 3 тәулік ішінде Қазақстан аумағына белсенді атмосфера фронттары мен антициклондар бірінен кейін бірі келеді. Соның әсерінен қар жауып, боран соқпақ.
Бүгін елдің солтүстік және шығыс аймағында жауын-шашын жалғасуы мүмкін. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшейеді. Ал Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріңде бұрқасын болып, тіпті жел 15-20 м/с-ге дейін күшейсе, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, БҚ, Ақтөбе, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түсуі әбден мүмкін.
Қазгидромет мамандары «22 желтоқсан қысқы күн тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы. Ал күнтізбелік және метеорологиялық қыс нағыз кәрін танытқан кез. Қазақстан арқылы белсенді атмосфералық фронттар және антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды. Осыған байланысты республиканың басым облыстарында алдағы тәуліктерде қар жауады, боран, кей жерде ұйтқыған күшті жел соғады», – деп хабарлайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы